Құралай – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Құралай» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 26.07.2019
  • 0
  • 0
  • 2710
– Ұстап алып даладан,
Байлап қойдық манадан.
Достасайық, кәне, біз,
Бірге ойнайық бәріміз.
Құралай-ау, құралай,
Бұртиғаның бұ қалай?
Қалғандай-ақ өкпелеп,
Қарамайсың шөпке де.
Су қойсақ та апарып,
Ұрттамайсың қасарып.
Қойған судан татпасаң,
Шөбіміз де жақпаса,
Енді саған не керек?
– Бостандығым керемет!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Құралай өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Құралай өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Құралай өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Құралай өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері