Өлең, жыр, ақындар

Қызыл әскер

  • 11.07.2022
  • 0
  • 0
  • 872
Қуат қайнап құйқылжыған қырандар,
Қажыр қайтпас, қырағы қырғи ұландар.
Жауға қаптап,
Шығып сап-сап,
Жеңіп таптап,
Алға аттап,
Табын жақтап батыр ұлан ұрандар.
Болат құрсау, мұздай темір буынып,
Сауытынан түгің шығып, түйіліп,
Көк құрыштан
Жалын шашсаң,
Қорқып дұшпан
Сенен қашқан,
Шынық, жауға жай оғындай шүйіліп!
Жау тиіссе, түнерсе бұлт түн түнек,
Өрт боп жанып, түре қуып дүркірет:
Еңбекші тап,
Ұлдары нақ,
Табын сақтап,
Сақ бол, сақ, сақ!
Күшейе түс бейне күндей күркіреп!
Көк тіреген көк найзаңның ұшына,
Желкілдетіп, туыңды іл ұшыға.
Тауды тессін,
Тастан өтсін,
Торды сөксін,
Талқан етсін,
Атқан оғың жау жүрегін ұшыра!

1928



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Индия жыры

  • 0
  • 0

Біз мақтана аламыз,
Хақымыз бар мақтанар,
өйткені, біз емеспіз
Сотқарлардай сұқтанар.

Толық

Күз көрінісі

  • 0
  • 0

Көтерілсе аспандай,
Көкте сұрша бұлт көшіп,
Жерге інжу шашқандай —
Күміс моншақ шық түсіп,

Толық

Шопан мен әжесі

  • 0
  • 0

Көктемгі аспан көнегінен,
Құйды жаңбыр, құйды жаңбыр!
Өткізген бұлт елегінен
Күміс тамшы сүйді балдыр.

Толық

Қарап көріңіз