Шын бақытты дәл осылай сезер ме ем – Қалампыр Кенжеғалиева

Бұл бетте «Шын бақытты дәл осылай сезер ме ем» атты Қалампыр Кенжеғалиева жазған бақыт туралы өлең берілген.

  • 16.03.2021
  • 0
  • 0
  • 932
Шын бақытты дәл осылай сезер ме ем,
Мұңмен жолдас бола алмасам, егер мен...
Көзім айтып қоймағанда, сырымды
Сүйемін деп айтарымды сезер ме ең?
Әй, қайдағы, айта алмас ем, қорқамын,
Сүйе тұра көзге үйіріп жорта мұң...
Жасырамын жан сырымды тереңге,
Оңашада сүртем көздің сортаңын.
Сезіне алсаң сүңгір ме едің тереңге,
Несін айтам, сезбегенге, кереңге...
Буырқанып жатса, жатсын, ақ сезім,
Шығара алмай, қайнай-қайнай өлем де!
Сірә, менің сырттан келмес ажалым,
Жұта алмайды, жұтам деген тажалың.
Бар қайнарым жүрегімде, демімде...
Содан болар, алаулайды ажарым.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері