Бұл бетте «Білмейді» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Күнді де біреу күн дейді,
Жарқыраған нұр дейді.
Бірақ, күннің өзінде
Түнек барын білмейді.
Түнді де біреу түн дейді,
Тас түнек деп тілдейді.
Бірақ, түннің өзінде
Ләззат барын білмейді.
Гүлді де біреу гүл дейді,
Гүлменен бірге гүлдейді.
Бірақ, кейбір гүлде де
Тікен барын білмейді.
Құмды да біреу құм дейді,
Сусып бір тұрған су дейді.
Бірақ, құмның жиылып,
Тау боларын білмейді.
Пілді де біреу піл дейді,
Батпан қара зіл дейді.
Бірақ, пілдің тышқаннан
Қорқатынын білмейді.
Шынды да біреу шын дейді,
Асқар алып шың дейді.
Бірақ, шынның жалғанмен
Көрші екенін білмейді.
Мұңды да біреу мұң дейді,
Мұңлы жандар күлмейді,
Бірақ, мұңды білмеген
Қуана да білмейді.
Болса да адам кім мейлі,
Бірін-бірі күндейді.
Жақсы менен жаманның
Тең екенін білмейді.
Ауезханов файзулла
Білмейді өлеңін (термесін) кім орындайды?
Ауезханов файзулла
Білмеймін өлеңін термесін кім орындайды
Айзат
Абдрахман Асылбектің «Білмейді» өлеңі – қарапайым тілмен жазылған терең философиялық туынды. Әр шумақта бір қарағанда айқын көрінетін нәрсенің арғы жағында басқа шындық бар екенін, бірақ адамдар соны байқамайтынын шебер жеткізген. Күннің өзінде түнек бар, түннің ләззаты бар, гүлде тікен бар, піл тышқаннан қорқады, таудың көршісі – жалған... Осы қарама-қайшылықтар адам өміріндегі күрделілікті, екіұштылықты көрсетеді. Әсіресе соңғы шумақтағы «жақсы менен жаманның тең екенін білмейді» деген сөз ойландырады. Қысқа да нұсқа, мағынасы терең өлең!