Көктем вальсі – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Көктем вальсі» атты Абдрахман Асылбек жазған табиғат туралы өлең берілген.

  • 27.07.2019
  • 0
  • 0
  • 4069
Әнін жазған Садық Кәрімбаев

Күмбірлеп таудың бөктері,
Өмірдің келді көктемі.
Оянып ерке бұлақтар,
Ойнақтап төмен беттеді.
Қалықтап аққу көктегі,
Аялап көлді кетпеді.
Ырғалды жасыл құрақтар,
Дірілдеп айдын беттері.

Қайырмасы:
«Көкек, көкек, көкек!» деп,
Көктем құсы шақырды.
Көңіл күйін жетектеп,
Бұлбұл төкті шат үнді.
Жадырап көңіл жайдары,
Құлпырды ауыл айаағы.
Құмарта қарап тоймайсың
Шаттыққа сәнді майдағы.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері