Сара туралы ән – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Сара туралы ән» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 28.07.2019
  • 0
  • 0
  • 3090
Әнін жазған Алтынбек Қоразбаев

Озық туған өзгеден затың дара,
Жетісудың бұлбұлы ең атың Сара.
Он үшінде ән салып, топқа түсіп,
Байтақ елге атандың ақын Сара.

Қайырмасы:
Атың Сара,
Туған дара.
Қыз едің
Көңілің нала.
Дүние жалған,
Өтеді арман.
Артыңда
Әнің қалған.

Ақылына керкі сай қыз деп келіп,
Талай ақын айтысқан іздеп келіп.
Тәнті болған Біржан да өнеріңе,
Құйылғаңда сөздерің тізбектеліп.

Қайырмасы:

Өмір-өзен бәрін де алмастырар,
Сөздеріңе сиқырлы қанбас құмар.
Туа берсін өзіндей сіңлілерің
Өнердегі жолынды жалғастырар.

Қайырмасы.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері