Жабыққанда – Темірхан Медетбек

Бұл бетте «Жабыққанда» атты Темірхан Медетбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 17.06.2022
  • 0
  • 0
  • 1135
Мен кiретiн
Есiк қалмағандай.
Тiптi-сығалайтын! –
Тесiк қалмағандай.
Дүние – мен дегенде! –
Тұқшиып
Қымтанып алғандай.
Мен шығатын төбелер
Көктайғақ көк мұзға
Құрсанып алғандай.
Туым құлап,
Жыртылып қалғандай.
Телефонның тiлi
Қырқылып қалғандай.
Мен қазiр –
Иықтан! –
Жұлынған пагондаймын.
Iстен шығып –
Тұйыққа! –
Қуылған вагондаймын.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері