Алматының кешінде

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

  • 28.07.2019
  • 0
  • 0
  • 8010
Әнін жазған Медеу Арынбаев

Алматыға қарашы,
Ғашықтардың әсем қаласы.
Үйлеріне қарашы,
Тұр емес пе аспанмен таласып?
Алматының қаласы,
Қыздарына қызыға қарашы.
Қиыла көз қарасы
Тұр емес пе жаныңа жарасып?

Қайырмасы:
Бәрі, бәрі есімде, есімде,
Күлімдеген көктемнің кешінде.
Сені ғана сүйемін дедім,
Сен де сүйем дедің,
Алматының кешінде.

Алматымыз сән қала,
Мәңгі көктем, махаббат, ән қала.
Сен қарасаң паңдана,
Қарай берем мен де саған таңдана.
Алматымыз күн қала,
Әсем әуен, әсерлі гүл қала.
Сеніменен бұл қала
Құлпырады ерекше нұрлана.

Қайырмасы:
Күлімдеген көктемнің кешінде,
Гүлін терген бөктердің төсінде,
Келші, жаным, кел жақын, дедім,
Сен де мақұл дедің,
Бәрі, бәрі есімде.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Алматының кешінде өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Алматының кешінде өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

Алматының кешінде өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Алматының кешінде өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері