Асығамын өзіңе – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Асығамын өзіңе» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 28.07.2019
  • 0
  • 0
  • 2065
Әнін жазған Әшірхан Телғозиев

Кейде алыстап кеткенімде,
Сағынасың, сәулешім.
Тағат таппай текке мүлде,
Қамығасың, сәулешім.

Қайырмасы:
Жеткенімше асығамын,
Құшағыңа оралып.
Аяулы жыр, асыл әнім –
Бір өзіңсің, ол анық. /2 рет/

Кей құрбымен әзілдессем,
Мұңаймашы, сәулешім.
Гүлім сенсің нәзік өскен –
Сыр айнасы, сәулешім.

Қайырмасы.

Күлімдеген күндерімде –
Күй өрісім, сәулешім.
Жабырқап бір жүргенімде –
Сүйенішім, сәулешім.

Қайырмасы.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері