Мен құл емеспін – Шәмшия Жұбатова

Бұл бетте «Мен құл емеспін» атты Шәмшия Жұбатова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 13.01.2022
  • 0
  • 0
  • 1349
Мен құл емеспін,
Мен күң емеспін,
Жетегімен жүргем жоқ құр елестің.
Ауытқыған заманның мұңын кешіп,
Ауытқыған қайықта күрек естім.
Ойламаңыз жүр ғой деп құр бекерге,
Жаңа қоныс іздедім ірге етерге,
Жаңа қала іздедім гүлдетерге,
Енді, қалқам, ескіңді ілме төрге.
Үлкендердің қатарын түзеп келіп,
Кішілерден тұрамын ізет көріп.
Қиындықты, Бақытты, Қуанышты
Күнде бастан жүремін жүз өткеріп.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері