Шамы сөнбей тұратын сенегінде – Шәмшия Жұбатова

Бұл бетте «Шамы сөнбей тұратын сенегінде» атты Шәмшия Жұбатова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 13.01.2022
  • 0
  • 0
  • 752
Шамы сөнбей тұратын сенегінде,
Есіңе алма, не қалды көне күнде?!
Алақандай сенің де үлесің бар
Тіршіліктің тауқімет – елегінде.
Дауыс болып шықсыншы ішіңдегі үн,
Қанатыңды қомдап ұш, құсым менің.
Бұл өмірде тек сенсің сағынғаным,
Бұл өмірде тек сенсің түсінгенім.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері