Өлең, жыр, ақындар

Жасай бер, ана

  • 28.07.2019
  • 0
  • 0
  • 2190
Әнін жазған Жеңіс Сейдоллаұлы

Айналайын аяулы асыл ана,
Ақ шағала күмістей шашың, ана.
Самғай ұшып кетсем де қияндарға,
Саған деген сағыныш басыла ма?
Сен болмасаң, аяулы асыл ана,
Шуағым боп күн нұры шашыла ма?
Ақ сүтіңмен аялап нәр бермесең,
Күй сандығым күмбірлеп ашыла ма?

Қайырмасы:
Ана, аяулы жаным, ана,
Арайлы таңым, ана,
Жасай бер мәңгі.
Ана, көңілдің гүлісің сен,
Өмірлік ырысым, ана,
Тіршілік тынысым, ана,
Арнадым өзіңе ғана осынау әнді.

Асыл анам, жанымда жүре берші,
Жаз күніндей жайраңдап күле берші.
Аппақ қардай кіршіксіз көңіліңмен
Жүрегіме жылу боп кіре берші.
Балаң болып ер жетіп, марқайсам да,
Жасай берші, жан ана, қартайсаң да.
Мәңгі көктем – өмірдің өзегісің,
Мейірімің – көл-көсір, дарқан дала.

Қайырмасы.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Екі сөз

  • 0
  • 0

Бір сөз бар дүниеде өлмейтұғын,
Қарыштап қанатын кең сермейтұғын.
Жиһанға жағып берген құдіретті
Жарығы өмір-бақи сөнбейтұғын.

Толық

Қоныс тойы

  • 0
  • 0

Өркендепті өресі,
Өрістепті,
Алты қабат ақ үйден қоныс тепті.
Ағайындар аңқылдап жаны қалмай,

Толық

Билігінде бар дүние, бар аспан

  • 0
  • 0

Билігінде бар дүние, бар аспан,
Жалғыздық бір Аллаға жарасқан.
Бұл пәниде саяқ жүрсе де,
Мұңайса да, күлсе де,

Толық