Өлең, жыр, ақындар

Таза Махаббат

Қосай: Қас сұлудың өзі еді
Жүзі отқа тимеген
Желке шашы өрілген
Адамзат сірә көрмеген
Қосайдың сүйгені қайда екен?!

Гузель: Асықпаған дұрыс болар, сүйгені деп айтуға.
Қосай: Ешкім көріп қалмасын деп тығылып келдім, сені іздеп, шуағың есімнен кетпей қойды, ұйықтай алмадым сені ойлап, соқыр қылды мені мына махаббат, сенсіз күнім қараңғы бір түнек сияқты.
Гузель: Осының бәрі рас болса, бүкіл түріктің қыздары қызғанатын болды ғой. (күліп) Бірақ бір нәрсені ұмытпа, сен мені әлі толық зерттеп біткен жоқсың, сұлу жігіт.

Қосай: Бар тілегім — сені көру,
Тағдырыма жазылды.
Бір көргеннен ұнату,
Жүрегіме жазылды.

Гузель: Момын әрі батылсың, тәуекелшіл өжетсің.
Қосай: Барлық күзет әскерлерінің біреуін шулатпай өтіп, ешкімнің жанын алмадым.
Гузель: Оған қоса ақындығың да бар, махаббат жайлы талмай жырлайтын.
Қосай: Сен де осал емессің ғой.
Гузель: Мені бақытты ете алатын бір ғана адам бар сияқты… Бірақ есімін таппай тұрмын.
Қосай: Дәл күміс қоңыраудай үнің сенің, әрбір сөзің сыңғырлап тұрады. Қоңыр дауысыңды тыңдаудан мен жалықпаспын. Естімеймін сенің сөзіңнен басқа сөзді, көрмеймін сенің жүзіңнен басқа жүзді. Қуанышты сезінемін сонда ғана, өзіңмен бірге дәйім болсам ғана.

Гузель: Мың ару cаған ұнап қалса олардың біріне бүйрек бұрар ма едің?
Қосай: Миллион ару болса да әрине жоқ. Періштелердің өзі біздің махаббатқа қарап тамсанып үйіліп тұр.
Гузель: Сен оны қайдан көріп тұрсың?
Қосай: Себебі, көзбен емес сүйетін,
жүрекпен сүйетін ермін мен. Ойлап сені күнде жүрек алаңдайды, жалғыз жүрек сенсіз қалса қансырайды, мәңгі бірге боламыз деп уәде берсе, күн мен ай тек бізді ойлап жарқырайды.

Гузель: Қалайша мәңгі бірге боламыз, сұлу жігіт? Сен ноғайсың, мен түріктің қызымын, біз оңайшылықпен қосыла алмаспыз. Жұртымыз жау, еліміз дұшпан.

Қосай: Алаңдама бір жөні болар, әкеңе өзім барсам қайтеді, өзім бәрін түсіндіріп айтамын, сөз түсінетін адам шығар.
Гузель: Ақымақ болма Қосайым, басыңды шауып алады ол, ешкімді аямайды, әкемді көндірудің амалын табармын, тек сен менен үміт үзбе.
Қосай: Асықпайын мен онда, асықпаймын. Сен қызғанарсың мені бәлкім, қырық қыз артымнан еріп жүр, бірақ мен сені сатпаймын, ешкімге айырбастамаймын, күтуден сені жалықпаймын
(қарауыл әскерлердің дауысы)
Қосай: Шу шықпай тұрып мен қайтайын.
Гузель: Сен де менің көңілімді біраз көтеріп тастадың ғой, өзіңе абай бол.
Қосай: Ендеше не күтіп тұрмын, қайтайын Ноғай еліме, ешкімнен таяқ жемей тұрып.

Гузель: Күзетшілер көріп қойса қайтесің?
Қосай: Сені бір көріп кетсем болды, ешкімнен қорықпай кетемін.
Қосай: Рас па?
Гузель: Рас, сенің маған деген көзқарасың, бойымдағы қорқынышты жойып жібереді.
Қосай: Тоқта Гузель тағы да бір қарашы, енді кете берсең болады.
Гузель: Аман сау кездескенше, жүрекпен сүйетін ер...

...

Гузель: Әкем маған бірнеше шарт қойды.
Қосай: Талаптары орынсыз болмаса болды, махаббат үшін орындаймыз.
Гузель: Біріншіден сен, Стамбул сарайына қонақ болуға, достық мақсатында келуге міндеттісің, әйтпесе мені енді ешқашан көрмейсің.
Қосай: Өте жақсы жаңалық екен, бірақ ең соңғы сөздерің ұнамады. Қонақ бол десе қонақ боламыз, Стамбулға Уәзірдің өзі шақырып тұрса, оның үстіне достық үшін, бұл ғажап қой.

Гузель: Стамбулда жүз қыз келіп жабысса, не істейсің? Қашасың ба?

Қосай: Миллион қыз жүгірсін мені жеуге, бірақ мен кезбе емеспін қорықпа жаным, асықпаспын оларға иә деуге, сен бірден қызғанбасаң болды жаным.

Гузель: Таңдауы жүрегімнің сен екенсің. Құдайым сені сақтасын, жалған махаббат алдамасын, сезіміміз шынайы болсын, ауру дерттен аман болсын. Неге бізге нағыз ғашықтықтың символы болмасқа?

Қосай: Болсақ болайық.

Гузель: Әкем маған тағы да бір шарт қойды, біздің қатарға қосыл деп, сонда ғана біздің арамыз ажырамайды екен. Соңғы шарт. Әкеме адал қызмет ету. Сен бұл талапқа көнермісің?
Қосай: Әкеңнің сонда не ойлағаны бар? Қосыл десе қосылайын, елімді қайтіп сатайын, әкемді қайтіп...
Гузель: Ойлан Қосай, тағы да ойлан, дұрыстап ойлан, шектеусіз ойлан.
Қосай: Келістім! Махаббат үшін құрбан қылдым! Елімді де, өзімді де! Әкемді де… (күрсініп)
Гузель: Қайғырма Қосай, қайырма. Махаббат құрбандықты талап етеді. Әйтпесе әкем бермейді мені саған, талабы қатал сондай енді, амал бар ма қайтейін енді.

Қосай: Әкеңнің ойлағаны осы ма…
Құрбан болуға дайынмын, Махаббаттың жолында, Құдайым мені кешіре гөр, Кешірімнің жолында, Қуанышты күндерім, Күтіп тұр деп сенейін алда, Сатқан жоқпын ешкімді де, Елім жерім туысқаным, Анашым әкешім аман бол, Мен өзгердім ендеше, Жүрегім қорықпа дайын бол!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Ықылас

  • 2
  • 0

Құран беті ашылса,
Арам беті жабылса.
Арқадан жүк арылар,
Намазына асықса.

Толық

Қасиетті Құран

  • 0
  • 0

Көз жасы ағып барады
Сәждеге бара жатқанда 
Көзімнен жас тоқтар емес
Сәждеге бас қойғанда

Толық

Шын Ақындар

  • 2
  • 0

Балалар сияқты таза болар,
Қария сияқты дана болар,
Темірдей олар берік болар,
Әйнек тәрізді нәзік болар.

Толық

Қарап көріңіз