Жел – Темірхан Медетбек

Бұл бетте «Жел» атты Темірхан Медетбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 25.06.2022
  • 0
  • 0
  • 766
Сергек түгіл
Селк еткізер селсоқты
Жел соқты.
Жібектей сусылдаған
Сол бір жел
Жұп- жұмсақ
Әдемі жел еді.
Жаңбырлардың озонын
Гүл біткеннің тозаңын
Алып келе жатқан
Мәуелі жел еді.
Сол бір желден
Кеудесін кере толтырып
Дем алды
Қасіретті көп көрген
Қайран елім.
... мен бірақ ол кезде
Өліп қалған едім.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері