Қарағандының қаралы күнінде жазылған өлең
Бұл бетте «Қарағандының қаралы күнінде жазылған өлең» атты Темірхан Медетбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.
Азаматтарынан айрылған
Алып Қарағанды
Қаралы!
Қайғы ішіп, қан жылаған
Жаны жаралы!
Қаралы!
Қайғылы хабарды естігенде
Онсыз да
Төгілген гептилден
Тұла бойы жара- жара
Алып Сарыарқа
Кепкен терідей жиырылып
Түршігіп бара жатты.
Аспандағы
Жалба- жұлба бұлттар
Өн бойынан жас сорғалап
Аһ ұрып
Күрсініп бара жатты.
Жұлын- жүйкеңді
Үзіп- жіберердей
Сиреналардың күңренуін-ай.
(Осындай қаралы күндерде де
Әлдекімдердің
Бірде олай,
Бірде былай деп құбылып
Түрленуін-ай.)
Батыс жақ
Күннің шапағынан—
Қып- қызыл! –
Қан ішіп алғандай.
Шойын жолдардағы
Шпалдардың
Май менен көмір сіңген тістері—
Ашылмастай боп! –
Жер тістеп
Қарысып қалғандай.
Мына қайғыны
Көтере алмастан
Көшелердегі
Бағана біткен
Бірін- бірі жетектеп,
Бірін- бірі
Сүйреп келе жатқандай.
Боздап жылаған пойыздар—
Қарағандының
Көмірін емес, –
Қарағандының қайғысын
Тиеп келе жатқандай...
- Азамат Төре
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі