Көңіл деген көл ме еді? – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Көңіл деген көл ме еді?» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 29.07.2019
  • 0
  • 0
  • 2614
Көңіл деген көл ме еді?
Көңіл деген шөл ме еді?
Көңіл деген әлде бір –
Бал шараптың шөлмегі?
Көңіл шалқар мендегі,
Пейіл деген кең тегі.
Құшқым келіп тұрады,
Аймалап бар пендені.
Қалса көңіл мендегі,
Пейілдің тар шеңбері.
Тыжырынып, тырысып,
Жақтырмаймын өңгені.
Той-думанда көр мені –
Шағаламын көлдегі.
Шалқытады шабытты
Арулардың өңдері.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері