Өлең, жыр, ақындар

Кім не туралы айтады?

  • 02.08.2019
  • 0
  • 0
  • 1377
Дана ақылын айтады,
Сөздің асылын айтады.
Батыр батырып айтады,
Ашуын шақырып айтады.
Диқан егінін айтады,
Жиған өнімін айтады.
Бала ойынын айтады,
Сотқар сойылын айтады.
Жалқау жатқанын айтады,
Ұйқыға батқанын айтады.
Малшы баққанын айтады,
Аңшы қақпанын айтады.
Ұры ұрлығын айтады,
Түнгі тірлігін айтады.
Жаман жегенін айтады,
Маман керегін айтады.
Жақсы тергенін айтады,
Өсіп-өнгенін айтады.
Байлар жиғанын айтады,
Молда иманын айтады.
Адал шындығын айтады,
Арам қулығын айтады.
Қатын өсегін айтады,
Жатын төсегін айтады.
Әркім көргенін айтады,
Қолынан келгенін айтады.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Мәлике

  • 0
  • 0

Айналайын қызымыз –
Артта қалар ізіміз.
Сен күлімдеп тұрғанда,
Айдай жарқын жүзіміз.

Толық

Құмырсқа

  • 0
  • 0

Бір Құмырсқа күшті бопты ересен,
Өмір сүрген өте ерте заманда.
Тіпті бар ғой (тарихшы айтқан не десең)
Қос арпаны көтере алған табанда!

Толық

Әке

  • 0
  • 0

Әке – асқар тауымсың
Тиіп тұрған әуесі.
Әке – бақша-бауымсың
Иіп тұрған мәуесі.

Толық