Өзіңді алғаш көргенде сол күні мен – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Өзіңді алғаш көргенде сол күні мен» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 03.08.2019
  • 0
  • 0
  • 2736
Өзіңді алғаш көргенде сол күні мен,
Алаулаған сезімнің толқынымен
Көбелектей көлбеңдеп көз алдыңда,
Он отырып, орнымнан он тұрып ем.
Бір өзгеріс өңімнен байқадың ба?
Шабытымды шалқыттың шайқадың да.
Арманымды алдыңда ақтара алмай,
Қала бердім қиылып қайтарыңда.
Ақтарыла алмадым ар алдында,
Ар алдында – ақ көңіл жар алдында.
Жалын тастап жаныма кете бердің,
Тотыдайын құбылып тарандың да.
Сөндіре алмай сезімді сонда күшпен,
Тыпырладым торғайдай торға түскен.
Асау жүрек алқынды аңсауменен,
Алданыш па ең?
Әлде шын қорғаныш па ең?
Бір құдірет ақыры алып шықты,
Алып шықты – қоршауды жарып шықты.
Алдыңа кеп құладым толқын болып,
Тағатым да талмаурап талықсыпты.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Өзіңді алғаш көргенде сол күні мен өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Өзіңді алғаш көргенде сол күні мен өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Өзіңді алғаш көргенде сол күні мен өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Өзіңді алғаш көргенде сол күні мен өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері