Сен бір биік шынарым – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Сен бір биік шынарым» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 04.08.2019
  • 0
  • 0
  • 1770
Жанарыңнан жалт еткен
Жадыраған нұр көрем.
Қимылыңнан қалт еткен
Жазылмаған жыр көрем.
Күлімдеген көзіңнен
Таңғажайып жаз көрем.
Дірілдеген сезімнен
Жанға жайлы наз көрем.
Арманым боп бірге өскен
Сен бір биік шынарым.
Үнсіз ғана тілдескен
Мен бір тұйық сыңарың.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері