Қасиет – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Қасиет» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 05.08.2019
  • 0
  • 0
  • 1451
Бұл адам өмірді бір рет сүреді,
Тірліктің қысқасын тым жақсы біледі.
Осынша аз ғана уақыт ішінде
Сан рет жылайды, күледі.
Мейлі сен арыстан емессің керемет,
Сонда да қоян боп күн көру пе керек?
Адамсың – бір сөзде тапжылмай тұра алсаң,
Бір жерге қойғандай шегелеп.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері