Өлең, жыр, ақындар

Құса

  • 10.08.2021
  • 0
  • 0
  • 759
Қанатынан хат жолдадым, соңғы хат,
Құстар саған жеткізеді... жол жырақ.
Ішім толы құсалықтан құтылмай,
Нән шаҺарда сенделіп жүр сорлы бас.
Ай сәулесі төгілгенде іңір кеп,
Бір әуенді қайталаймын күбірлеп.
Самайымды сылап тұрған секілді,
Сенің нәзік саусақтарың дірілдеп.
Мені аяшы,
Айдың асыл бекзаты,
Бокалымда тұнып тұрған көз жасы.
Бәлки сорлы қайыршының қолында,
Құлқынына қимай тұрған соңғы асы.
Маған ауыр бұл мезгіл,
Қалды артымда қара ноқат – сүрдек жыл.
...бұрыштағы шағын шарапханада,
Ішкіш досым іздеп жүр.
Маған ауыр....
***



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Алаңдағы ой

  • 0
  • 0

«Қалың елім қазағым»,
жасқа толып жанарым,
Үрей билеп есірген сұлап жатыр алаңым.
Желтоқсанның желіккен

Толық

Қан

  • 0
  • 0

Борбай еті борша боп
боздай көшкен ел едік,
Жылай-жылай нұры да
тайған жәутең көз едік.

Толық

Ана

  • 0
  • 0

Ана!
Ағарған әр тал шашыңнан
өзімнің қайғымды көрем,
Жұрттан жасырып төгілген жасың –

Толық

Қарап көріңіз