Бұл бетте «Аяғы ауыр әйелді жатырқама» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Аяғы ауыр әйелді жатырқама,
Сәлем бергін сыпайы жақында да.
Ана болған ол небір ақынға да,
Ана болған ол небір батырға да.
Аяғы ауыр әйелді абайлағын,
Жүгі болса қолында, қарайлағың.
Содаң туған Қажымұхан, Балуан Шолақ,
Махамбет пен Ыбырай, Абайларың.
Аяғы ауыр әйелді ұқпай болмас,
Мүмкін, қыздай қыпша бел сыптай болмас.
Ана мықты – көтерген даналықты,
Қашанда оны құдірет тұтпай болмас.
Аяғы ауыр әйелді түсіне біл,
Торғыл тартқан тесілме түсіне құр.
Алмасады – анадан жалғасады
Үзілмейтін үміт пен ұзын өмір.
Аяғы ауыр әйелді налытпағын,
Көтермеле кеңілін, арытпағын.
Мол емес пе мейірі, сол емес пе
Ататұғын алдағы жарық таңың?
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі