Өлең, жыр, ақындар

Парк

  • 07.06.2022
  • 0
  • 0
  • 527
Ағаш-ағаш —
бар айналаң ағаштар.
Ұшар басы көк аспанмен таласқан,
дүниемен,
тiршiлiкпен жарасқан,
көңiлiңнен пенделiктi аластар,
ағаш, ағаш —
бар айналаң ағаштар!
Ұрса лебi салқын сая самалдың
толқынданып бұтақтарын жаяр бұл.
Көк аспанға жасыл көлдi көтерiп,
тұрған-сынды дiңгектерi олардың.
Ақындардың кеудесiндей жыр қысқан,
шулап, шулап сан дауылмен жұлқысқан,
Биiктiкте толқып тұрған сол көлге
топ-топ болып сүңгiп кетiп жүр құстар.
Айтамын деп қуанышты,
кұсаны,
айтамын деп кеуде кескен ызаны
құшақтасар иiр бұтақтарымен.
Неткен iрi ағаштардың құшағы!
Аунатып ап желдiң бұрқақ құйынын,
шешердей бар тiршiлiктiң түйiнiн
шулайды олар
боп жатқандай бұл жерде
халықаралық ағаштардың жиыны.
Түспесiн деп көктен зұлым жай тасы,
тiрлiк үшiн жүрiп жатыр,
байқашы:
ұшар баста —
бұтақтардың шайқасы,
жер астында —
тамырлардың айқасы!
Бар дауыспен
әрбiр таңға жар салып,
бар тұлғамен
әрбiр таңды қарсы алып,
бүкiл әлем ағаштары атынан
тұрар олар ән салып.
Түтiн жұтып қаншама рет алқынған,
қорқады олар жарылыстан,
жарқылдан.
Бастан өткен қиындығын айтардай
иiр-иiр бұтақтар,
тiлiм-тiлiм балтырлар!
Көремiн деп сансыз қыс пен сан көктем,
жалғасам деп бар жақпен
тас түйiн боп қала iшiнде парк тұр,
белiн буып қара темiр шарбақпен.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Мен сені сағындым

  • 0
  • 0

Жұмекен аға,
Мен сені сағындым.
Өзің кеткелі
Сан рет өштім.

Толық

Айтыс

  • 0
  • 0

Қоймаған соң қолқалап,
сөзден жасын ататын
шыға келген ортаға
екi жақтан екi ақын.

Толық

Депрессия

  • 0
  • 0

Бiлiп өмiр жалғанын
өз-өзiнен ашынып, –
Үмiт пенен арманым
Өлiп жатты асылып.

Толық

Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар

Пікірлер