Шыңдағы крест – Михаил Лермонтов

Бұл бетте «Шыңдағы крест» атты Михаил Лермонтов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 19.05.2022
  • 0
  • 0
  • 908
Кавказдың бір серегі мәлім маған,
Тек қана бүркіт жетіп дамылдаған.
Сол жерде ағаш крест қалтырайды,
Шіриді жауындар мен дауылдардан.
Тұрғалы ол қиядан көз шалатындай,
Белгісіз жылдар өтті тағат қылмай.
Созады тарам-тарам қолын көкке
Бұлттарды шалғайынан алатындай.
Басына шамам болса шығар менің,
Дұға оқып егіліп бір жылар едім,
Содан соң өмір торын тас-талқан қып,
Дауылмен бір туғандай тұрар едім.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері