Өлең, жыр, ақындар

Қыстың соңғы күнінде жазылған өлең

  • 07.06.2022
  • 0
  • 0
  • 742
Ертең көктем —
көз алдымда нұр аппақ,
көктем неткен қуатты-ақ.
«Көктем» деген сөзден түскен сәулеге
жүрегiмнiң өзi жатыр шуақтап!
Қасат көк мұз жатсын мейлi көлiмде
аяз қысып бу боп ұшсын дедiм де,
бүртiк болып,
тамшы болып,
нұр болып
көктем ертең тиiстiдей келуге!
Көктем деген сөзден бәрi желiккен.
Желiккендi деме бiрақ ерiккен...
Шуақ түсiп көктеп бара жатады
ақ қағазда домаланған әрiп те.
Омырауды айқара ашып тастадым —
көктеп келе жатты көктем дастаны.
Ертең ерiп кететiндей мұз-қарым,
ертең құсқа толатындай аспаным.
Ақырғы рет көз сап шаңғы,
шанаға
асығады қарт та,
жас та, бала да.
Ертең көктем келедi ғой қалаға,
ертең көктем келедi ғой далаға.
Көктем менi,
Мен көктемдi бiлемiн,
көктем құсап көктесе екен тiлегiм.
Ертең көктем —
деген сөзден
елжiреп
майдай ерiп бара жатыр жүрегiм!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Арманды өкініш жыры

  • 0
  • 0

Жаңа сойылған еттей боп
Қып-қызыл күннiң
Батқанын көргенде;
Көктегi жұлдыздардың

Толық

Маскүнем

  • 0
  • 0

Жұмысыңды жiберетiн еңсерiп,
қарашы оны –
тұлғаға ие еңселi...
Келе жатыр

Толық

Жаралғандай бауыр етi темiрден

  • 0
  • 0

Жаралғандай бауыр етi темiрден
оңашалық, оқшаулыққа телiнген
бiр сөз айтпай өтетұғын ғұмыры
адамдар бар өмiрде.

Толық

Қарап көріңіз