Өлең, жыр, ақындар

Жер – ана

  • 05.08.2019
  • 0
  • 0
  • 2535
Жаралғалы Жер-ана зыр айналып ғаламды,
Арқасына қондырып, аялаған адамды.
Адам – жердің етене сүйеніші, тынысы,
Мәпелеген перзенті, былайынша, дұрысы.
Әсте ана баласын жаман болсын дер ме екен?
Сол секілді адамды аялайды Жер-мекен
Күн көзінен нәр алып, өмір қорын жинайды,
Жинайды да барлығын перзентіне сыйлайды.
Ұлылығын сыйлайды, мендей ұлы болсын деп,
Жылылығын сыйлайды мендей жылы болсын деп.
Ұсынады кеңдігін кең болсын деп өзімдей,
Ұсынады сәулесін болсын деп күн көзіндей.
Кеудесінде бұлақтай туласын деп бір ағын,
Ұсынады тынымсыз сылдыраған бұлағын.
Самалымнан әуезді үйренсін деп жан әнін,
Ұсынады таңменен желпіп өткен самалын
Ойларының ормандай қалап қалың болғанын,
Ұсынады ұйысқан ну қарағай орманын.
Ұсынады көктемді ұқсасын деп өмірі,
Ұсынады жаз нұрын шат болсын деп көңілі.
Күз айының сыйлайды жомарттығын, мәрттігін,
Ал, қысының кимайды қаталдығын, қарттығын.
Ұқсасын деп осыған адалдығың, пәктігің,
Ұсынады тек қана ақша қардай ақтығын.
Осылайша Жер-ана зыр айналып ғаламды,
Арқасына қондырып, аялайды адамды.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жаңа күн

  • 0
  • 0

Күндей күліп қабағым,
Жарқырайды жанарым.
Әрбір келген жаңа күн
Жаңа достар табамын.

Толық

Піл

  • 0
  • 0

Ең алып аң піл деген,
Ыстық жақта мекені.
Салмағы да мүлде ерен
Он тоннаға жетеді.

Толық

Ақын Күләш

  • 0
  • 0

Айналып өте алмайтын бұбұл әсті,
Желегін желбіретіп бір гүл ашты.
Айнала күлімдеген күнге ұласты,
Айнала тамылжыған үнге ұласты,

Толық

Қарап көріңіз