Отырмын гүлді алаңда – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Отырмын гүлді алаңда» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 05.08.2019
  • 0
  • 0
  • 1571
Ысырып бұлтты аулаққа,
Күлімдеп көкте күн тұрды.
Күркіреп өзен тау жақта,
Бау-бақша қайта құлпырды.
Сағына жүріп өмірдің
Күтіп ем жарқын көктемін.
Махаббат-жастық лебінің
Білмей де қаппын өпкенін.
Қарағай, шырша төңірек,
Отырмын гүлді алаңда.
Көңілім шалқып кеңірек,
Қараймын әрбір адамға.
Қолымда күткен жар хаты –
Көкорай көктем басталды.
Құлпыра түсті Алматы,
Аялап тауы асқарлы.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері