Көк түтін – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Көк түтін» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 05.08.2019
  • 0
  • 0
  • 1255
Көк түтінге көміліп,
Жалғыз қалдым егіліп.
Ауса да түн жарымы,
Тарқар емес жан мұңы.
Едім кеше тоятты,
Тек таң бізді оятты.
Артта қалып жарастық,
Тым ертерек тарастық.
Қалқам, сенің алдыңда
Айыпты боп қалдым ба?
Кінәм болса, кешіргін,
Көк түтінді өшіргін.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері