Ризамын барға – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Ризамын барға» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 07.08.2019
  • 0
  • 0
  • 1803
О, Алла, Алла,
Ризамын барға.
Ақырындап, жайлап
Жылжыта бер алға.
Билік берген атақ
Емес мәңгі мадақ.
Бағаласа болды
Байтақ елім қазақ.
Демеймін мен болдым,
Демеймін мен толдым.
Ұмытпаса халқым,
Тұғырыма қондым.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері