Өлең, жыр, ақындар

Қозы

  • 08.08.2019
  • 0
  • 0
  • 1526
Естімеген елде көп қой, бұл шындық:
«Мен туралы не десе ел, о десін,
Көңілім пәк, жаным таза мен өзім!»
Оған қоса керек және білгірлік,
Егерде сен иландырып жұртыңды,
Сақтай білгің келсе сұлу сыртыңды,
Сымбаттылар, ұққандарың көп жөнді,
Жақсы деген бәрінен де жақсы сөз,
Оның өзі тапшы кез,
Гүлден нәзік көктемгі.
Болғанымен таза ар мен жанымыз,
Сәл жіберіп алсақ кейде аңғалдық,
Улы тілмен сөгіп бізді жан барлық,
Болмай қалар мәніміз.
Күлме, ойнама демейміз ғой еш тіптен:
Айтарым тек, әрбір басқан қадамың
Болсын сондай саналы,
Еш сұмырай сөге алмасын өштікпен.
Анюточка періштем,
Сен үшін, әм достарыңа келіскен
Жаздым мысал.
Баласың сен әлі де,
Қазір емес, кейін кеңіп өрісің,
Жерсің сонда жемісін;
Тыңда енді Қозы жайлы әңгіме.
Қуыршағың тұра тұрсын бұрышта,
Қысқа айтамын, дұрыс па?
Қозы бірде қағынып,
Қасқыр тері жамылып,
Ептеп қана ойнарға,
Кіріп кетті отардағы қойларға.
Мұны көрген төбеттер,
Қасқыр келіп қалды екен деп кенеттен,
Шауып шығып, алып ұрды лезде,
Есін жиып алғанша ол бұ кезде,
Төбет біткен тартпақ еді бұттарын,
Қойшы келіп, қалды әрең құтқарып.
Арландардың азу тісі ойын ба?
Екі көзі алара,
Әрең жетті қой қамайтын қораға;
Азып кетті адырайып мойын да,
Діріл қағып болды ақыры өлермен.
Болса ептеп есі бар,
Еді Қозы шошынар,
Қасқырға ұқсап несі бар?



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Саяжай

  • 0
  • 0

Бір күні иесіне
Саяжай былай деді:
«Жаратқан Құдай мені
Кім үшін, білесің бе?

Толық

Май келді

  • 0
  • 0

Көктем келді,
Май келді,
Мамыражай ай келді.
Тал-теректер түрленіп,

Толық

Сағынтайдың Әбдірі

  • 0
  • 0

Жағасында Таластың туып өскен,
Толқынында ақ тәнін жуып өскен.
Үшаралдың өркенді бір баласы,
Арман қуып, халқына жуық өскен.

Толық

Қарап көріңіз