Қауіп – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Қауіп» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 21.08.2019
  • 0
  • 0
  • 1142
Қарттығыма қалғандаймын бір қыр-ақ,
Соны сезіп, жаным кетті-ау шырқырап.
Жылдарымның парақтарын жоғалтып,
Жинай алмай отырмын мен жыртып ап.
(Ә. АҚПАНБЕТОВ. Нұр жауған күн. 2-бет)
Жастық деген көңілдегі күншуақ,
Жылт еткен бір жолдарыңды түртіп ап,
Жазып-жазып тастайтынбыз табанда,
Жыр осылай туындайтын бұрқырап.
Қарттығыма қалғаны ма бір қыр-ақ?
Жаза-жаза қолым талды сырқырап.
Жүрегім де дембіл-дембіл жұлқылап,
Шыбын жаным қоя берді шырқырап.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері