Бейтаныс ару – Айтқали Нәріков‎

Бұл бетте «Бейтаныс ару» атты Айтқали Нәріков‎ жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 27.11.2015
  • 0
  • 0
  • 3310
Қосылма, қосыл мейлің, еріктісің,
Түседі бірден көзге көрік, мүсін.
Ажары сол арудың тұрады ылғи,
Алматы апортының беріп түсін.
Ол менің емес тіпті танысым да,
(Беймаза ой соңғы кезгі табысым ба?)
Алдыңнан шыға келсе, алқынасың,
Адамдай түсіп тұрған жаны сынға.
Әйтеуір, көңіл шіркін алабұртып,
Бақшамнан жыр құсы да барады үрки
Көгінен көңілімнің кетпей қойды ол,
Бейне бір бұла мінез бала бүркіт.
Десек тe бір қарап-ақ ұғалықшы,
Нәркес көз тырп еткізбес бұғалық шын.
Аруым, қарсы келсек, сен өзің де,
Ұрланып қарайтынды шығарыпсың...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері