Кешегі әйел емен – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Кешегі әйел емен» атты Абдрахман Асылбек жазған әйел туралы өлең берілген.

  • 21.08.2019
  • 0
  • 0
  • 1219
Кешегі әйел емен үнім нәзік,
От шығарам тарихтың күлін қазып.
Ұрпақтардан ұрпаққа көшіремін,
Өлмейтұғын өмірдің жырын жазып.
(Қ. БҰҒЫБАЕВА. Менің даусым. 5-бет)
Кешегі әйел емен үнім нәзік,
Қайтемін ескі өмірдін жырын жазып.
Аяқты айқастыра барда отырып,
Бұл күнде етіп жүрмін шылымды азық.
Кешегі әйел емен үнім нәзік,
Айтайын, ағайындар, сырымды ашық:
Сабама сыймай кеткен кездерімде,
Байымды сабап алам шырылдатып.
Кешегі әйел емен үнім нәзік,
Бұрқанған бурадаймын жынын шашып.
Шабытым шарықтаған шақтарымда,
Өлеңнен от шығарам күлін қазып.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері