Өлең, жыр, ақындар

Сайлау алдындағы сауал

  • 22.08.2019
  • 0
  • 0
  • 1477
Батыр ұлдар ерлігімен ерлейді,
Туған жер деп, тебіреніп, терлейді.
Күні-түні ел тағдыры толғантып,
Намыс туын өзгелерге бермейді.
Батыр ұлдар ерлігімен ерлейді,
Тірегім де, тілегім де ел дейді.
Соның үшін депутат боп кімнің де
Парламентте отырғысы келмейді?
Тұғырлы тақ жетпегенмен бәріне,
Мықтыларға орын даяр, әрине.
Сайланушы сол орынға сай ма екен,
Көңіл бөлсек айтар сөздің мәніне?
Дегенімен қалаулысы халқының,
Ондайлардың көбісінің арты мұң.
Сайланған соң, күйге көшіп самарқау,
Жоғалтады жарқын үн мен қарқынын.
Мол жалақы, тегін үйге мастанып,
Елге берген ант пен серті бос қалып,
Парламентте қалғып-мүлгіп, ал үйде
Жата берер құс жастығын жастанып.
Ерен ерін ардақтамас ел қайда?
Тура сөйлер Ермахандай ер қайда?
Депутаттық неге керек дегенде,
Бар шындықтың бетін ашқан сол бойда:
Депутаттық керек жақсы күй үшін:
Мол жалақы, тегін жаңа үй үшін.
Халық қамы деген сөздер түк емес,
Олар жайлы айтылғанмен жиі сын.
Шенеуніктер Ермахандай саналы
Азаматқа аңтарыла қарады.
Бет пердесін тастағанда сыпырып,
Тіпті, оны ақымаққа балады.
Аңғал ердің баса қойсын мысын кім?
Ермаханның ерлігін шын түсінгін:
Айқасуға шықтың екен алаңға,
Қарсыласты нокаутқа түсіргін.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Көктем келді

  • 0
  • 0

Көктем келді ырғатыла,
Сылаң қағып сай-сала.
Қызғалдақтар қырға тұна,
Құлпырды бар айнала.

Толық

Зауал

  • 0
  • 0

Кейбіреудің көргенде арамдығын,
Арашаға түседі адамдығым:
«Тақсіретін тартады түбінде бір,
Жасағанмен қиянат саған бүгін».

Толық

Тоқтар мен Сотқар

  • 0
  • 0

Әубәкіров Тоқтарым –
Еш теңдесі жоқ дарын.
Тұңғыш болып қазақта
Салды ғарыш соқпағын.

Толық

Қарап көріңіз