Қайда жалғыз қарағай – Сырбай Мәуленов

Бұл бетте «Қайда жалғыз қарағай» атты Сырбай Мәуленов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 07.02.2016
  • 0
  • 0
  • 2303
Қайда досым, оқ тиіп,
Қара жерді қаусырған.
Қайда жалғыз қарағай
Қанжардай тіке шаншылған.
Көзімді ашсам бірі жоқ,
Өңім бе, әлде түсім бе?
Өкініш, шіркін, өрт болып,
Лапылдап жатыр ішімде.
Әкетті қайран досымды
Доп дауылы үйіріп.
Құлады жалғыз қарағай
Қыршынынан қиылып.
Не айтам елге барғанда,
Досымды алдым жоғалтып.
Жүремін енді майданда
Екі адам үшін оқ атып.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері