Өлең, жыр, ақындар

Жолда тас жатыр

  • 28.08.2019
  • 0
  • 0
  • 1198
Енсе де жанарыңа сұрақ, күдік,
Өмір өтіп барады жылап, күліп...
Қызықсың-ау, адамдар,
Жолдарыңнан
Қозғамадың сол тасты құлап тұрып.
Иіліп көтермедің қырын қарап,
Болғасын бірің бала, бірің дана,
Тіршілік жолындағы сол бір тастан
Екіқабат күйімен сүрінді ана.
(Ш. САРИЕВ. Тағдыр. «Жалын», 1976 ж. 19-бет)

Әрлі-бері жүргінші шұбыратын,
Білетіндер алыстан бұрылатын.
Қара түнді қақ жарып жүрмегендер,
Қара тасқа қапыда ұрынатын.
Адамшылық түседі-ау қолға сирек,
Уақыт өзі шыққанда жолға сүйреп.
Бір ақылды сол тасты суға атыпты,
Басқаларға оралғы болмасын деп.
(А. ЕРШУОВ.
Шұғылалы шақтар. «Жалын», 1981 ж. 40-бет)
Шөмішбай мен Аманқос ақын екен,
Айтқандары адамға ақыл екен.
Алматыға асығыс шыға қалса,
Жолдарында қара тас жатыр екен.
Тас жатқанын Шөмішбай бұрын көріп,
Оңайлықпен қозғалмас сұрын көріп,
Екіқабыт ананы сүріндіріп,
Өтіп кете беріпті қырын келіп.
Шөмішбайдан Аманқос кейін келіп,
Адамшылық арымен пейілденіп,
Жолда жатқан сол тасты суға атыпты,
Қалмасын деп сүрініп, кейінгі өліп.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осындай менің жеңешем

  • 0
  • 0

Шаялап қалған борсықтай болып,
Домалап қалған торсықтай болып,
Тарақандары безіп жүреді,
Үйінің ішін кезіп жүреді.

Толық

Он шыбын

  • 0
  • 0

Ойнақтаған он шыбын,
Қарсы алдыма қон, шыбын.
Қағып алсын табанда
Сайтаныңды торсылым.

Толық

Неліктен?

  • 0
  • 0

Бір күні тыныс белгілері топталды,
Бір мәселеге тоқталды.
Соның іпіінде қаралатын,
Негізгі деп саналатын

Толық

Қарап көріңіз