Тұрсынғалидың сүйегімен қоштасу – Қазақ ауыз әдебиеті

Бұл бетте «Тұрсынғалидың сүйегімен қоштасу» атты Қазақ ауыз әдебиеті жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 29.08.2019
  • 0
  • 0
  • 1747
Кеттің бе енді, кеттің бе,
Бұл дүниеден өттің бе?
«Жесірлік» деген сұм тағдыр,
Басымды бүркеп жеттің бе?
Өлсемші, Алла, өлсемші,
Мені жұртым көмсеңші.
Арысым қалып, мен өліп,
Ел-жұртпен бірге жүрсеңші.
Жан үнім шықты-ау сызылып,
Арманым сөнді-ау үзіліп.
Бір ауыз тіл қатсаңшы,
Елің тұр тұтас тізіліп.
Машина мынау қаптаған,
Қара жерді таптаған.
Көшіріп қайда барасың?
Бағланың еді-ау баптаған.
Біз қалдық енді зарланып,
Жүрекке қайғы байланып.
Күңіренсек те ел болып,
Арысым келмес айналып.
Қош бол, енді арысым!
Шырқырып қалды дауысым.
Қиямет-қайым болғанда,
Жаннаттан елің танысын!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Тұрсынғалидың сүйегімен қоштасу өлеңінің авторы кім?

Қазақ ауыз әдебиеті — осы өлеңнің авторы.

Тұрсынғалидың сүйегімен қоштасу өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Тұрсынғалидың сүйегімен қоштасу өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қазақ ауыз әдебиеті өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Тұрсынғалидың сүйегімен қоштасу өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері