Бұл бетте «Анашым» атты Аянат Сәби жазған ана туралы өлең берілген.
Адуынды болмауды,
Тек жақсыны ойлауды.
Үйреттің маған жан анам
Сенсің менің айшықты жасыл далам.
Өлең арнап жазды саған балашың,
Қараңызшы, қызыңызға анашым.
Анайы емес, абұйырлы, байыпты,
Қанша жақсы болғанымен алдыңызда айыпты.
Қарызының өтелмесін білгенімен,
Бар көңілмен сізге құшақ жайыпты.
Анашың сені қорғап, қолдайды,
Анашың сені ылғи ойлайды.
Анашыңмен жұлдыз болып жанасың,
Анашыңмен әрдайым мақтанасың.
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
- Сәкен Сейфуллин
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі