Не жетсін?
Бұл бетте «Не жетсін?» атты Бақыт Жасқалиева жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Кездесе қалсаң алдымнан,
Көрмеген сыңай таныттым.
Жарқылдап жанған қалпыңнан,
Барады жаным жанып тым.
Түстің бе сен де сол күйге,
Шайқалып сезім-айдының.
Өткеннен, жаным, сыр түй де,
Есігін жапшы қайғының!
Біреу бар білем кел деген,
Беліңді тарттың кемермен.
Сертке берік Ер деп ем,
Қабағыңды көрдім түнерген.
Атыңды айттым айқайлап,
Үстіне шығып төбенің.
Сол күні жаттың той-тойлап,
Бұның не маған демегін.
Бара бер жаным ап қалман,
Іздеймін әркез көктемде.
Қаншама осылай айтсақ та,
Парқына жетпес көп пенде.
Іздеусіз қалып жатқаннан,
Не жетсін іздеп өткенге!
- Уильям Шекспир
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі