Өлең, жыр, ақындар

Қазақстанның жеті кереметі немесе ғажайып жетілік

Жасампаздық сипаты бар халқымның,
Шуақ шашар атырапқа алтын күн.
Таңғажайып туындылар бар мұнда,
Құндылықты ардақтай біл,жарқыным.
Жеті қат көк,қазына мен жұ т,жарғы,
Жеті өнер мен жеті шелпек бар заңды.
Қазағымның құпиясы ерекше,
Өркениет ғаламдығы зор мәнді.
Таңдап алған кереметті қазағым,
Көрген талай соқпақ жолдың азабын.
Қазақ жері ескерткішке бай мұра,
Тарқамаған ажары мен базары.
Таңбалы тас суреті ескерткіш,
Мекендеген дәуірінде қауым күш.
Хабар берер өз жерінен тамаша,
Таңбаланған өрнегі бар қалың қыш.
Алтын адам мәшһүр болған әлемге,
Әдет-ғұрып мәдениетің кәдеңде.
Сақ тайпаның белгісі боп тараған,
Тарихы мол үлес қосты өнерге.
Нағыз қазақ- қазақ емес домбыра,
Кел,бауырым,құлағың сал,сәл бұра.
Ұлттық аспап шарықтатқан өнерді,
Жыр жолдарын күмбірлеткен домбыра.
Алтын бесік шаңырақты тербеген,
Микрокосмос пенделері ерлеген.
Көшпелі өмір салты болған қазақтың,
Киіз үй бар-үйлесіммен өрілген.
Қожа Ахмет Иасауиді пір тұтқан,
Сәулеті бар көз тұндырар құрлықтан.
Рухани байлығымыз мұзарт шың,
Түркі-қазақ туындысы ұмытпан.
Қайталанбас ерекше бір үзігі,
Асқан байлық соқпақтардың бар ізі.
Жер жаннаты Маңғыстаудың мешіті,
Сөнбейтұғын бабалардың бар көзі.
Толықтырар жетінші бар керемет,
Озық сәулет есте тоқы, бол зерек.
Биік талғам заманға сай мақтаныш,
Астанада әсем сәулет Бәйтерек.
Атқарылыр істердің бір парасы,
Қазақстан тәуелсіз ел,қарашы.
Кереметі өзгені тамсандырар,
Талғамына ешкімнің жоқ таласы.
Жаңа рух пен серпіліс бастамамыз,
Қайта өрлеуде дамуға аттанамыз.
Жарқын белес жолында тайсалмастан,
Ғажайып жетілікпен мақтанамыз.




Пікірлер (3)

Рушона

Жаксы

Модератор

Сайысқа қосу үшін bilim2019 ілмегі керек. Қаламды басып өңдеуге болады.

Kuandik_Zholtai

Өнерің өрге жүзсін

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар