БІР АУЫЗ СӨЗ

Бұл бетте «БІР АУЫЗ СӨЗ» атты bagilaesenbaeva жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Бір ауыз сөз
Жүрекке жарық боп жағылатын,
Қасірет қайғы мұңға батыратын.
Жетелеп алға қарай ұмтылдырып,
Сүйген жанға жетуге асығатын.
Бір ауыз сөз
Жаралының көз жасын тидыратын,
Қос жанарға әлемді сыйдыратын.
Шашырап көкте өрлеген жұлдыздардай,\
Ағайынның бастарын жидыратын.
Бір ауыз сөз
Көңіліңнің жан сырын ұқтыратын,
Жас жұбайдың өмірін құт қылатын.
Қозы менен Баяндай ғашықтарға,
Махаббаттың ауасын жұттыратын.
Бір ауыз сөз
Өрге шапқан бәйге атын оздыратын,
Сөз мергендей сайысқа түсер ақын.
Ұялаған көрініс мазаласа,
Ауыздыға табылар сөз қылатын.
Бір ауыз сөз
Сыртыңнан сүйікті етер,
Көре алмаған дұшпандар келеке етер.
Мөлдіреген маржандай жан дүниең,
Толқын айдап жатқандай тулап кетер.
Құдірет бар бір ауыз сөз астарында,
Дүр сілкінер шыбын жан қас-қағымда.
Асау аттай алысқа ауыздықпен,
Ізің қалсын ұрпаққа басқан құмда.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

БІР АУЫЗ СӨЗ өлеңінің авторы кім?

bagilaesenbaeva — осы өлеңнің авторы.

БІР АУЫЗ СӨЗ өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

БІР АУЫЗ СӨЗ өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде bagilaesenbaeva өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

БІР АУЫЗ СӨЗ өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Ұқсас өлеңдер