Өлең, жыр, ақындар

Әжесінің баласы

Дайындап құрт пен майын, ірімшігін,
Домалатып қоятын бір ұршығын.
Балалықпен бақытты байқамаппыз,
Əжеміздің түсінбей бұрын сырын.

Үйретіп құрметтеуге халықты ізгі,
Өсірді əже дара жолға салып бізді.
Шырылдап бізге əрқашан жақтасатын,
Анамыздың оқтауынан жауып бізді.

Ерекшелеп қоспай бізді ел көшіне,
Бар тəттіні беретін еркесіне.
Шешеміз ұрысқанда ашуланып,
Түнде əженің жататынбыз көрпесіне.

Шалқиып ештеңені уайымдамай,
Əже болса билейтін бойыңды арай.
«Əженің баласымын» - дейтін едік,
Сұраса жұрт, ата-ананы мойындамай.

«Жақсыға оқысын» - деп, ұлым сабақ,
Қалтасынан беретін тиын санап.
Көздері көрмесе де тыным таппай,
Бізге киім тоқитын, жүнін сабап.

Зейнетақы алғанда арасында,
Немереге беретін бар асын да.
Немере деген кезде жаны шығып,
Елемейтін өзінің баласын да.

Əжеге немересі маңыздырақ,
Саналы сөздері де нағыз бұлақ.
Ұйқы алдында еркесін еркелетіп,
Ертегілер айтатын, аңыз құрап.

Болсаң əже баласы береді өсім,
Қыдырып қызыққа да бөленесің.
Қонаққа да асығып, шалын күтпей,
Ертіп алып кететін немересін.

Əжелердің табылмас теңдесі де,
Немересін санаған кең несібе.
Ата-ананың туғанмен тұңғышы боп,
Айналдық әжеміздің кенжесіне...



Пікірлер (1)

Аяулым

Өден керемет

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз