Гүл жүрек – Гүлнәр Шәмшиева

Бұл бетте «Гүл жүрек» атты Гүлнәр Шәмшиева жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 15.01.2022
  • 0
  • 0
  • 1100
Мені де демейтін жандар бар екен,
Рухани жанның мұңы – зор екен!
Мына – ойсыздау дүниеде
Адамға керегі – ар екен!

Мағынасыз күлкілер қаптаған,
Мағынға ұмтылып, шоқ болам!
Қақпандай, тұсауын құратын
Дүниенің керегі жоқ маған!!!

Тыңдасам, дауысы- зар, неткен,
Жуайын, аппақ қар боп, мен!
Қыстың ішінде жүрсем де,
Жырларым – өр көктем!!!

Толқыным тасыйды, түнді жеп,
Жүремін, жынды боп!
Ұлы таңның алдында уды жұтып,
Алаулап, ашылды, гүл-жүрек!!!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері