Інжу-жыр – Гүлнәр Шәмшиева

Бұл бетте «Інжу-жыр» атты Гүлнәр Шәмшиева жазған поэзия туралы өлең берілген.

  • 15.01.2022
  • 0
  • 0
  • 990
Жасыл жапырақтар,
Жылап болдың ба?
Мөп-мөлдір шыққа
Ұнап қалдың ба?
Аңсарын білем,
Құрақтардың да.

Өксіп ағады,
Өзен де, білем.
Мұңды күйде болады
Сезем де жүрем.
Інжу толады,
Көземде кілең!

Ол-інжу жыр боп,
Құйылып жатыр.
Жете алмай елге
Күйініп жатыр.
Тау-тастар оған
Сүйініп жатыр!
Ех, енді ол жыр
Елге жетсінші,
Тыңдаған жандар
Жасын төксінші!
Жасағаным-ау, тілегін беріп,
Ақыныңның жанын шоқ қылшы!!!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері