О, менің жаным, шарап ішкен бе – Гүлнәр Шәмшиева

Бұл бетте «О, менің жаным, шарап ішкен бе» атты Гүлнәр Шәмшиева жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 15.01.2022
  • 0
  • 0
  • 937
О, менің жаным, шарап ішкен бе,
Жәннәт гүлінен ала түскен бе?
Мың найзағаймен дос болып алдым,
Мың есе күшті, қара күштен де.

Бұл халім – елді тербеген халім,
Иләһи сазға шөлдеген халім.
Қара көңілдерді ағартсам, енді,
Дүлей боран боп, селдеген қарым!

Тентек өзендей, тентек едім-ау,
Шам жағайыншы, шері көп еліме-ау!
Домнадан шығып, келген кезімде,
Жүректеріңді өртеп едім-ау!

Көңіл тоқыны толқыған еді,
Жанның жарқылы шарпыған еді!
Қылуетке салып, қыршыныңды
Жеткіздің, қайта, халқыма мені!

Тауға сыр шашып, жерге гүл шашып,
Жүремін, ылғи, көңілім тасып.
Жахан дала – жарығымды ал,
Жарығы алапат – жарымес ғашық!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері