Сенің Жамалың ғана – Гүлнәр Шәмшиева

Бұл бетте «Сенің Жамалың ғана» атты Гүлнәр Шәмшиева жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 15.01.2022
  • 0
  • 0
  • 692
Көзімнен бұршақ парлады,
Жаным жеті аспанды шарлады.
Жанның ынтызар бар ма әні?
Сенің Жамалың ғана!

Таудағы тұманға сүйеніп,
Жанға мәңгілік күйі еніп!
Аспанның кейпіне жиі еніп,
Сенің – Жамалың ғана!

Бұлттың қолынан ұстадым,
Ұқсап, Самұрық құсқа мың.
Түсімде аңсап, құшқаным –
Сенің Жамалың ғана!

Дауылдың досымын, жер жайпар,
Бір әуен – кеудемде көл шайқар.
Бар сырым – елге айтар, шөлге айтар,
Сенің Жамалың ғана!

Қаламнан сыямды тауыстың,
Лапылдап, өртенді, жан-ұшқын!
Іздегенім – елменен жарыстым,
Сенің Жамалың ғана!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері