Өлең, жыр, ақындар

Жаңғыруы елімнің!

Міне, бүгін жаңа дәуір басталды,
Елбасымыз қолдап жатыр жастарды.
Рухани жаңғыруды мақсат қып,
Көз тігемін биік тауға асқарлы.

Егеменді жарқыраған таң атты,
Қазақ елі әрқашанда талапты.
Рухани жаңғыруға себепші,
Өз елімнің кәрі-жасы бақытты.

Талай жоба жасалды ғой сан қырлы.
Тамсандырып бар әлемді таң қылды
Туған жерге тағзым жасап жастарым,
Елбасымның бастауымен жаңғырды,

ЭКСПО өткізді елім бас қалада,
Көтерілді жаңа белес асқақ дала.
Танытып қазақ елін барша әлемге,
ЭКСПО -мыз өтті ғой Астанада.

Жеткізді ғой ақпарат құралдары,
Жарысып ЭКСПО-ны жазды бәрі.
Көрсетіп көгілдір экраннан
Танытты қазақ елін барша әлемге.

Жарқырап жайнай берсін дархан далам,
Тарихын еш қашан да ұмытпаған.
Елімнің ертеңіне көз тігемін,
Атқан таң жақсылығын нәсіп еткен.

Елімнің жері жайсаң, даласы кең,
Таулары күнмен бірге күлімдескен.
Теңіз,бұлақ, өзені сылдыр қағып,
Рухани жаңғырсын сәнді мекен!



Пікірлер (2)

Модератор

Сайысқа қосу үшін ілмектердің ішінде bilim2019 деген ілмек міндетті түрде болу керек (сайысқа қатысқанын осы ілмек арқылы білеміз). Авторы деген жерді бос қалдырып, авторы өзім дегенді басу керек.

Нурик

Өлең өте керемет жазылған.

Пікір қалдырыңыз

Ұстаз

  • 0
  • 1

Ұлағатты ұлы менің ұстаздарым,
Өтті ғой өзіңізбен қыс жаздарым.
Үлгі өнеге жолыңызбен талпынамын,
Қабыл алың шәкіртіңнің жыр жазғанын.

Толық

Қарап көріңіз