Жүрек ойы – Нұрсултан Қожағұл

Бұл бетте «Жүрек ойы» атты Нұрсултан Қожағұл жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Ғұмыр кешкен, ей, адамзат, маған бір сәт қараңдар,
Бақыт деген баспалдақты бұл өмірде қалаңдар.
Ертең мүмкін «нұрлы жолдың» ақтық демі таусылса,
Дауа таппай кім іздейді, кім ойланып алаңдар?

Себебі, ол - тартыс толы түрленетін құбылыс,
Кішкентайдан бастайтындай үй секілді құрылыс.
Келе жатып, сонда кенет сүрінгенде тұра алсаң,
Құдай берген бұл ерекше дарынменен ұмтылыс.

Бағалай біл өміріңді, өнеріңді сондықтан,
Жақсы болсаң, шаңыраққа Қыдыр қонып, жолыққан.
Өзін әр кез жеңіп шығып, төтеп бере алғандар,
Көпті көріп, шыңнан биік шыныққан ғой жорықтан.

Көрмейсің бе, әлемдегі ең әйгілі тұлғалар,
Алғашқыда өмірі үшін жатпай-тұрмай қозғалар.
Кейін барып бар уақытын рахатына сарп қылып,
Көк аспаннан ағып түскен өз жұлдызын қолға алар.

Бұл өмірде мен айтатын кеңес әрі ой дана,
Сарқылмайтын рухыңменен күш-қуатың бойда ма?
«Мүмкін емес өмір сүру» деген сөзді айтам деп,
Жүрегімнің әміршісі ойлама, тек ойлама!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жүрек ойы өлеңінің авторы кім?

Нұрсултан Қожағұл — осы өлеңнің авторы.

Жүрек ойы өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жүрек ойы өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Нұрсултан Қожағұл өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жүрек ойы өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Ұқсас өлеңдер

Басқа да жазбалар