Өлең, жыр, ақындар

Ақындық – ауруым, өлеңім – ем!!!

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

Тәңірінен тілеп жүрген ірі өлең,
Ақын жанмын жырмен тілек тілеген.
Тәңір мені ұлы ақын қылмай-ақ,
Тек жырымды қылса екен ұлы өлең.

Жан болайын жырға өмірін арнаған,
Ақын емес, өмірден жыр алмаған.
Өлең жазам өлетіндей жан салып,
Жырдан, бірақ, өнім болар нәрді алам.

Жырға қарай тартады әр кез көңілім,
Мен өлеңсіз тірі емес, өлімін.
Өлеңімді өмір жайлы өремін,
Өрнектелсін өлеңмен деп өмірім.

Шабыттансам жырым тулап кетеді,
Тулап жырым, шабытты жыр ететі.
Жырым мені сүйікті етпей-ақ қойсын,
Мен жырымды биіктетсем жетеді.

Ақын жүрек қалай ғана жаңылсын,
Ақындықтан айықпайды жаным шын.
Ақ қағазға жазылған ақ өлеңім,
Қағаз емес, жүректерден табылсын.

Кем болмаспын көркем өлең көксесем,
Мен өлсем де, жырым көкке жетсе екен.
Өлеңдерім бақытсызға бақ сыйлап,
Бақыттыны бақыттырақ етсе екен.

Қырандай боп қанат жайып кеңге мен,
Өлеңменен өміріме өң берем.
Ақындықтан айықпастай ауырып,
Өлең деген дәріменен емделем!!!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ақындық – ауруым, өлеңім – ем!!! өлеңінің авторы кім?

lunara5a — осы өлеңнің авторы.

Ақындық – ауруым, өлеңім – ем!!! өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

Ақындық – ауруым, өлеңім – ем!!! өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде lunara5a өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ақындық – ауруым, өлеңім – ем!!! өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.