Түстегі сүйініш пен өңдегі күйініш/Мағжанмен сырласу/
Түсімде көрдім Мағжан ақын өзіңді,
Жалын шашып,оттай жанған көзіңді.
Қуатты жырың ұрандай болып құйылып,
Дүркіреп жауған нөсердей құдды сезілді.
Арыстандай айбаттандың арқырап,
Жолбарыстай қайраттандың қарқырап.
Әрбір сөзің таудан аққан тасқындай,
Есе бермей төгіледі сарқырап .
«Қазақ елі – ел болдың – дейсің – еңселі,
Ұлықсың бүгін, құл боп ең «соры бес елі»
Көзің ашылды,көкірегің ояу ұлт болдың,
Надандықтың жұғыны да жоқ кешегі»
Жастарыма сенген ем – дейсің – жаужүрек,
Толағай сынды кеудесімен тұрған тау тіреп.
Тәуелсіздік ата-бабаң аңсаған,
Жеттің- ау – дейсің –орындалып ақ тілек.
Сөздерің жатыр түйдек – түйдек құйылып,
Рухты сөзіңе барады жаным сүйініп.
-Ақын аға, ұрпағыңа артқан сенімің,
Орындалды,- деймін ,жанарым жасқа жуылып.
Қуаныш жасымен бүкіл жаным тазарып,
Атыпты сол сәт ақ таңым әлсіз бозарып.
Шыққан едім мен де аяңдап елменен,
Қазақ қызын көрдім сағыздай тұрған сазарып.
Аузында шылым, қолында шөлмек сырасы,
Қып-қызыл ерін, доңғалақ дерсің сырғасы.
Жартылай ашық үстіне киген киімі,
Шашы жалбыр,үсті салдыр қасында қазақ құрдасы.
Сөйлеген сөзде қазақшалықтан ұсқын жоқ,
Жартысы орысша,бірен-сараны қазақша
Бейшара тіл жатыр мүскін боп.
Келді де тағы екі-үш жас қазақ дәл сондай,
Қарқ-қарқ күліп кете барды сол бір топ.
Көрдім сол сәт, жанарым кетті жасаурап,
Тыпыршып жаным бой бермей барат асаулап,
Сабыр деп бастым атойлап шыққан намысты,
Кеудеме қайта нығарлап басып, тұмшалап.
Сол бір сәт арттан түрткендей болды біреу кеп,
Жалт қарадым артыма лезде, «о не?» деп.
Алақан жайып қайыр сұрап қазақ тұр,
Сәби бала жанары кеткен жәудіреп.
Ұстаттым оған теңгемді қолым дірілдеп,
Қарады сәби қуанғандай көзі күлімдеп.
Батпадым оған «кім едің» деуге қорқақтап,
Тастанды ма екен ,бейшара
сәби,жүгірмек.
Тас керең болып шуылға толды құлағым,
Қайда деймін жаңа түсімде көрген жұмағым.
Сенген ұрпағың мынау ма ,ақын ,жан аға?,
Бетіңе енді қалайша сенің қарадым.
Сыйқын қара тәуелсіз елдегі қазақтың,
Осылай ма еді аңсаған, баба, азат күн.
Өз елінде жүріп өз тілін білмей ұрпағың,
Масқара болып ортасында жүр мазақтың.
Намыстың барат жаншылап күші жас жанды,
Көрдім мен, аға,тояттаған қазақ асқанды,
Қазақтың қара көздері жатыр сатылып,
Өз Отанында, өз ошағында қалып тастанды.
Түзедім бойды ауыр ойдан жаншылған,
Күбірлеп кеттім «кешір деп ұрпақты сен ,Мағжан».
Абайдай дана кемеңгерді сол сәт түсініп,
Бетті бастым,тұра қаштым жалма-жан.
Тоқтадым біраз, сабырға келдім өзді-өзім,
Жұбаттым жанды, бәріне керек бір төзім.
Жасалып жатыр жақсылықтар қазақ басына,
Көріп келеміз Елбасының ерлік істерін.
Уақыт емші бәрін де, жазар жараны,
Ескінің қазір алыстап кетті аралы.
«Жас Отан» жастар ілгері басып күн сайын,
Елбасын қолдап, өрістетті ісін саналы.
Десек те, бірақ ,тең түсіп тұр-ау таразы.
Тырналап көңіл түбінде жатқан жараны.
Тіліміз деймін,қазақтың тілін айтамын,
Қанатын кеңге сермей алмай-ақ барады.
Үштұғырлылық дедік, үшінші тұр тағы өз тілім,
Өз Отанында тұрып өгейлікте тұр ғой мүскінің.
Ғаламторменен шырмалған ұрпақ санасы,
Ажырап қалмаса екен құдретті тілінен түркінің!
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі